Қазақстан ұлттық құрамасының ойыншысы 2025 жылдың қараша айынан бері жарақатын емдетіп келді.
Соңғы рет өткен жылдың 19 қарашасы “Ахматқа” (2:2) қарсы кездесуде алған жарақатынан кейін Батека Мәскеу ұжымының 12 ресми матчын өткізіп алды.
“Динамо” командасының бас бапкері Ролан Гусев Зайнутдиновтың жақын аралықта ортақ топпен жаттығуға кірісетіні жайында тілге тиек етті. Қазірде отандасымыз арнайы маманның бақылауында жеке тапсырмалар орындауда.
Айта кетейік, 27 жастағы Тараз футболының түлегі ресейлік командаға 2025 жылдың жаз айында келіп қосылды. Ол мұнда барлығы 10 кездесу 10 матчта “Динамо” намысын қорғады. Мәскеулік клубтағы Зайнутдинов келісім шарты 2029 жылға дейін жарамды.