Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Бахтиер Зайнутдинов ұлттық құрамадағы гол саны бойынша жеке рекордын жаңартты.
27 жастағы футболшы 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу матчында Лихтенштейн құрамасына қарсы алғашқы минуттан бастап алаңға шықты. Ойынның 28-минутында Зайнутдинов қарсыластың қақпасына құраманың екінші голын соқты.
Осы гол Зайнутдинов үшін Қазақстан құрамасындағы 15-ші нәтижелі соққы болып, оның ұлттық командадағы голдар саны бойынша рекордын жаңартты. Бұл матч Зайнутдинов үшін 2025 жылы ұлттық құрамамен өткен алғашқы ойын болды. Бұған дейін ол бірнеше ай бойы жарақатқа байланысты команда сапында ойнай алмаған еді.