Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы кеше «Бешикташтың» норвегиялық «Буде Глимтке» қарсы Еуропа Лигасының негізгі кезеңіндегі кездесуінде голдық пас берді.
Отандасымыз ойынды негізгі құрамда бастап, 21-минутта Жедсон Фернандештің аяғына доп салып берген болатын. Бұл Зайнутдиновтың осы маусымдағы бірінші нәтижелі әрекеті. Осыған дейін ол тек төрт кездесуге қатысқан, бірақ алаңда небары 30-ақ минут өнер көрсетті.
Норвегиядағы матчтың өзі «Бешикташтың» жеңілісімен аяқталды (2:1). Алаң иелері үзіліске дейін-ақ есепті теңестіріп, тіпті алға шығып алған болатын.
Айта кетейік, Бахтиер осы маусымда кеше алғаш рет матчты негізгі құрамда бастады. Алты турдан кейін стамбулдық ұжымның қоржынында тек 6 ұпай бар.
Біздің серіктес: FONBET