Ресейдің Championat.com порталы Мәскеудің “Динамо” клубының алдағы РПЛ матчына дайындық барысын талдап, құрамдағы соңғы жаңалықтарға тоқталды. Негізгі назар — Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Бактиер Зайнутдиновке ауды.
Мақалада былай делінген:
“Зайнутдинов жайлы пікір екіұшты, кей сарапшылар оның ойынына сын көзбен қараса да, бас бапкер оны жоғары бағалайды. Ал Миранчук — шабуыл шебіндегі шығармашылық үміттің соңғысы іспетті. Себебі Бителло әрдайым сенімді өнер көрсете бермейді.”
Клуб ресми түрде олардың “Зенитке” қарсы кездесуді өткізіп алатынын растаған жоқ, алайда журналистердің пайымдауынша, екеуінің алаңға шығу мүмкіндігі өте төмен.
Бұған дәлел ретінде жұма күнгі ашық жаттығуға Зайнутдинов пен Миранчуктың қатыспағаны айтылған.
Осылайша, “Динамоның” қос ойыншыларының жоқтығы команданың алдағы шешуші кездесуіне елеулі әсер етуі мүмкін.