Бахтиер Зайнутдиновтың тәлімгері ауысты

Бүгін, 15:25

Қазақстандық футболшы Бахтиер Зайнутдиновтың доп тебетін Мәскеулік "Динамо" клубы маусым соңына дейін бас жаттықтырушы қызметіне 48 жастағы маман Ролан Гусевтің тағайындалғанын ресми түрде жариялады, деп хабарлайды Aladop.kz.

Бахтиер Зайнутдиновтың тәлімгері ауысты
Ролан Гусев

Ролан Гусев үшін "Динамо” — бөтен ұжым емес. Ол осы клубтың академиясында тәрбиеленген, кейіннен Ресейдің еңбек сіңірген спорт шебері және "ЦСКА” сапында УЕФА Кубогының иегері атанған тұлға.

Гусев жаттықтырушы мансабында:

"ЦСКА"-ның жастар командасымен бірге Жастар футбол лигасында топ жарды.

"Армияшылар” академиясында және Ресейдің жасөспірімдер құрамаларында жемісті еңбек етті.

Гусев "Динамоның” бапкерлер штабына 2023 жылдың жазында қосылған болатын. Бұл оның бас бапкер міндетін алғаш рет атқаруы еме, ол өткен маусымның соңында уақытша басшылық жасаған болатын.

Енді клуб басшылығы оған толық сенім артып, маусымның соңына дейін негізгі тізгінді сеніп тапсырып отыр.

Ролан Гусев футболшы ретінде де, бапкер ретінде де тәртіп пен шабуылдаушы стильді жақтайтын маман ретінде танымал.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 1
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×