Қаңтар айынан бері жасыл алаңға шықпаған отандасымыз бүгін жаңа клубында ойын өткізді.
“Динамо” командасы Ресей Кубогынде “Сочиді” қабылдап 3:2 есебімен басым түсті. Алайда алаң иелері үшін матч оңайға соқты деуге келмес. Қатарынан екі гол жіберген Динамо Иван пен Фоминнің кездесу соңындағы голдарының арқасында жеңісті қарсыластан жұлып әкетті.
Отандасымыз Бақтиер Зайнутдинов бұл ойынға 78 минутта қосылды. Ол кездесу қаһарманы Иван Сергеевті алмастырып кірді. Еске салайық, Зайнутдинов соңғы рет жасыл алаңда 26 қаңтар күні “Бешикташтың” “Антальяспорға” қарсы матчында шығып еді. Содан бері қазақстандық бірде жарақат алып, бірде бапкердің сеніміне кіре алмады.
Айта кетейік, “Динамо” клубы Ресей Кубогының топтық кезеңдегі келесі ойынын 13 тамыз күні “Краснодармен” өткізеді. Оған дейін команда ішкі чемпионаттың жағдайын реттейді.