Бақтиер Зайнутдинов өнер көрсететін команда Қытай чемпионаты ұжымынан негізгі ойында басым түсе алмады

“Динамо” Мәскеу “Шанхай Шеньхуа” клубымен жолдастық кездесу өткізді.

Бақтиер Зайнутдинов өнер көрсететін команда Қытай чемпионаты ұжымынан негізгі ойында басым түсе алмады

Абу-Дабиде болған ойын 2:2 есебімен қос команданың тең тарқасуымен аяқталды. Номиналды алаң иелері саналған "Динамо" сапынан аталған матчта Бителло мен Игорь Сергеев бір-бір голды өз аттарына жазды. Ал қарсылас командада капитан Ву Хи мен бразилиялық Рафаэль Ратао жауап қатты. Алайда ойын соңындағы пенальтилер бәсекесінде Ресей ұжымының асығы алшысынан түсті (5:3).

Ендігі кезекте Ролан Гусев шәкірттерін 26 қаңтарда “Ченду Жунченмен” жолдастық ойыны күтеді. 

Айта кетейік, отандасымыз Бақтиер Зайнутдинов әлі де жарақатынан кейінгі қалыпқа келу жұмыстарын жасауда. 27 жастағы жартылай қорғаушы алдағы 3 күннен кейін болатын кездесуге де қатыспай қалуы ғажап емес.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

футбол
×