Чиро Иммобиле
Италиялық шабуылшы Чиро Иммобиле мансабын А сериясында жалғастырады. 35-жастағы футболшы «Болонья» сапын толықтырды. Бұл туралы клубтың баспасөз қызметі хабарлады.
Келісімшарт бір жылға жарамды және қос тараптың келісімі бойынша тағы бір маусымға ұзартуға мүмкіндігі бар.
Чиро Иммобиле 2024/25 жылғы маусымды түркиялық «Бешікташ» сапында өткізді. Чиро бұл клубта қазақстандық футболшы Бақтиер Зайнутдиновпен бірге доп тепті. Бір маусымда шабуылшы барлық жарыстарда 41 ойын өткізіп, 19 гол соқты және 4 голдық пас шығарды. Сонымен қатар, Иммобиле түркиялық клуб қатарында Түркия Суперкубогын ұтып алды.