Бахтиер Зайнутдинов "Бешикташ" сапында
Әли Әлиевтің «Бешикташ» жартылай қорғаушысы жайлы пікірін @candidate_kairov телеграмм-арнасы жариялаған еді.
«Шынымды айтсам: Батека қатарға қосылды. Оның ойында қайтадан сол жарақатқа тап боламын ба деген қорқыныш бар, мен осыған қатты алаңдаймын. Ол «Бешикташ» сапында ойнауы керек, содан кейін ғана бұл қорқынышы сейіледі деп ойлаймын. Оның бұл жарақатты қайдан алғанын білмеймін. Бірақ менің ойымша, Батека мықты футболшы, ол әрқашан ретке келіп, қажет сәтте көмектеседі», - деді Әли Әлиев сұхбатында.
Естеріңізде болса, Бахтиер Зайнутдинов алаңға соңғы рет 26-қаңтарда «Антальяспорға» қарсы матчта өнер көрсеткен еді. Жалпы, Түркия Суперлигасының 24/25-жылғы маусымында 9 ойында алаңнан бой көрсеткен болатын.