Бақтиер Зайнутдиновтың командаласы басқа ұжымға ауысты

“Бешикташ” 31 жастағы қорғаушы Омар Коллимен келісімшартты бұзғанын хабарлады. 

Бақтиер Зайнутдиновтың командаласы басқа ұжымға ауысты

Гамбиялық Ыстамбұл ұжымына 2022/23 жылғы маусымда “Сампдория” сапынан ауысып барған болатын. Содан бері қырандар жейдесінде ол 46 ойын өткізіп, 8 голды өз есебіне жазды.

Колли өз мансабында швециялық “Юргорден”, финляндиялық КУПС және бельгиялық “Гент” клубтарында доп тепті.

Қазақстан құрамасының ойыншысы Бақтиер Зайнутдинов Омардан кейін клубтан кететін футболшылар тізімінде. Себебі бапкер Джованни Ван Бронкхорст 26 жастағы жартылай қорғаушыны жақтырып отырған жоқ. Маман қазіргі сәтте кеткісі жоқ Зайнутдинов пен Венсан Абубакардан құтылу үшін “Бешикташ” басшылығына мәселемен жүгінген. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×