Балаларды іріктеу ережелері

20.05.2011, 17:58
Балаларды іріктеу ережелері
«ЦЕСНА» футбол клубы 10 жылдан бері кәсіби футбол үшін резервті табысты дайындап келеді. Қазіргі сәтте оқу-жаттықтыру топтарында бірнеше жүз бала жаттығады, Клубтың көптеген түлектері Премьер Лига және бірінші Лиганың белгілі қазақстандық клубтары үшін ойнайды, ҚР Құрамасы үшін және еліміздің жасөспірім құрамалары үшін ойнайды.

«ЦЕСНА» футбол тәрбиеленушілерімен 22 білікті жаттықтырушы-оқытушы жұмыс жасайды, олардың көбі спорт шеберлері, жоғары жаттықтырушы санаты, А және В санатты УЕФА лицензияларының иегерлері болып табылады. Іріктеу ережелері

«ЦЕСНА» футбол клубында 7 мен 18 жастағы балалар оқиды. Клубта оқу тегін. Жаңа келген оқушылардың байқаулық қабылдауы апта сайын кестеге сәйкес жүргізіледі (төменде қара). Балаларды іріктеу келесі мекен-жайда өтеді: Алматы қ. Магнитная көш., 13 а (өтінеміз, жүру сызбасын қараңыз) Балаларды іріктеу кезіндегі негізгі талаптар: 7-9 жас – футболмен айналысу үшін табиғи қабілеттер (икемділік, жылдамдылық, шапшаңдық, координация, медициналық рұқсат (!) 10-12 жас футболмен айналысу үшін табиғи қабілеттер, доппен ойнай білу (қарапайым әдістерді білу), тиісті жасқа сәйкес бақылау нормативтерді орындау, медициналық рұқсат (!) 13-15 жас – техникалық және тактикалық дағдыларды жақсы деңгейде білу, жасына сәйкес келетін дайындық, жасына сәйкес бақылау нормативтерін орындау, медициналық рұқсат (!) 16-18 жас – дайындық деңгейі жоғары, техникалық және тактикалық дағдыларды білетіп футболшылар қабылданады, жасына сәйкес бақылау нормативтерін орындау, медициналық рұқсат (!) «ЦЕСНА» Футбол клубы жылына 3 рет әр тәрбиеленушінің қадағалау өлшеулерін (тестілеуді) жүргізеді: 7-11 жасқа: дене және техникалық дайындық деңгейін тексереді, 12 жастан бастан техника-тактикалық дайындықты тексереді. Осы тестілеу наурызда, шілдеде және қазанда өтеді. Осыедай бақылау тестілеудің қорытындылары баланың Клубтағы оқуын жалғастыру/тоқтату үшін негіз болады. Осындай тестілеу кезінде баланың «өсу» деңгейіне үлкен назар аударылады, яғни бала қаншалықты тез үйренеді және оның даму деңгейі қандай. Және осындай тестілеу кезінде ең маңызды фактор – баланың денсаулығының жағдайы.
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Алдыңғы жаңалық
Барлығы қалай басталды
Серіктес жаңалықтары
×