Италиялық шабуылшы Марио Балотелли "Манчестер Сити" сапында өнер көрсетіп жүргенде Сэр Алекс Фергюсон жайлы: «Ақыр заман кезінде мен Фергюсонмен бірге болғым келеді, өйткені оған қосымша бірнеше минут беріледі», - деген екен.
Ия, «Манчестер Юнайтедтің» бұрынғы бас жаттықтырушысы Алекс Фергюсон әр матчта 90 минут түгесілер шағында алаң жиегіне шығып, төрешінің алдында тұрған сағатқа қарайтын болған. Еске салайық, Фергюсонның кезінде «Манчестер Юнайтед» соңғы минуттарда гол соғып, көптеген жеңістерге қол жеткізген, соның ішінде 1999 жылғы Чемпиондар лигасының финалындағы жеңіс. Соңғы минуттарда «қызыл сойқандардың» гол соғу қабілеті "Фергитайм" деп аталып кеткен.
«Мен әдетте ешқашан сағатыма қарамаймын және қанша уақыт қалғанын білмеймін. Кездесудің соңында мен алғаш рет сағатты қолданамын, бұл қарсыластар мен төрешілерге қысым жасайды, яғни қулық десем де болады.
Үзіліс кезінде мен жігіттерге үнемі айтамын: сабырлы болыңдар, үрейленбеңдер, және күтіңдер. Бірақ соңғы 15 минутта қалағаныңызды жасаңыз. Мен құмар ойындарды жақсы көретін адаммын және мен жігіттерді әрдайым соңғы минуттарда құмарлықпен ойнауға шақырдым.
Бұл әрдайым болмаса да, бірнеше рет жұмыс істеді. Егер біз соңғы минутта гол соққан болсақ, киім ауыстыратын бөлмеде ойыншылар мереке өткізіп, мәз-мейрам болып, есінен адасып жатса, ондағы энергия да керемет болды. Біздің міндетіміз - 67000 жанкүйерімізді «Олд Траффордтан» үйіне қуанышты күйде шығарып салу болып табылады», - деді Фергюсон BT Sport-қа берген сұхбатында.
Біздің серіктес: FONBET