Балотелли жанкүйерлерге алғысын білдірді

25.03.2015, 00:22
Балотелли жанкүйерлерге алғысын білдірді
«Ливерпульдің» шабуылшысы Марио Балотелли «Манчестер Юнайтедке» қарсы кездесуде Крис Смоллингпен төбелескісі келгені болатын. Алайда «мерсисайдтықтардың» жанкүйерлері италиялық мінезді ойыншыны ұстап қалды. Кейінірек СуперМарио фанаттарға алғысын айтты. Естеріңізде болса, кездесудің 79-шы минутанда Балотелли мен Смолинг допқа таласып, соңырақ екеуінің арасында төбелес орын ала жаздады. Дегенмен жағдайдың мән-жайын уақытында түсінген жанкүйерлер Марионы ұстай жөнеледі. Сол кезде «Ливерпуль» 1:2 есебімен жеңіліп жатқан. Оның үстіне, Стивен Джерард қызыл қағаз алған болатын. 948   Матчтан кейін Марио Балотелли Фейсбукте жанкүйерлерге алғысын айтты: «Қанша тырысқанымызбен, жеңіске жете алмадық. Бірақ бір нәрсені анық білемін: мен алаңда жалғыз болмадым».    
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×