Балотелли жаттығуға келмей жүр

Ермұхамед Мәулен
Ермұхамед Мәулен
Бас редактор
27.05.2020, 23:35
Марио, сен қайдасың?
Балотелли жаттығуға келмей жүр

La Gazzetta Dello Sport газетінің хабарлауынша Марио Балотелли мен "Брешиа" футбол клубы арадағы келісім-шартты үзуі мүмкін. Себебі, клуб басшылығы Марионы іздеп таппай жатыр. Клуб осыдан 10 күн бұрын жаттығу жұмыстарын бастады. Бірақ, жаттығуға Марио мүлде келіп жүрген жоқ. Мұндай жағдайдан кейін "Брешиа" футболшыны жұмыстан шығарып жіберуге толық құқысы бар.

Осындай түрлі әрекеттерімен танымал футболшы өз пәтерінің балконында темекі тартып тұрғанын папарацилер түсіріп алған болатын. Кейіннен "Милан" сапындағы Мамаду Ньянгты соққының астына алып, поезда анаша шеккені де анықталды. Марионың сонымен қатар жаңа жыл күні досының үйінде салют атып, үйдің біршама бөлмесін өртке орағаны бар еді. Алайда, Марио өзін Әлемдегі Роналду мен Мессиден кейінгі үшінші футболшымын деп есептейді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×