"Брешиа" клубы Марио Балотеллиді клубтан қуып тынды. Марио жаттығуға келмей, карантиндемін деп 10 күндей жоқ боп кетті. Сосын 8 келі артық салмақ жинап алғаны белгілі болды. Қыз-қырқынмен гүләйттағаны да қазір расталынып жатыр. Супер Марионың тағы бір әдеті - шөп шегу. Шамасы осы жолғы карантин талантты футболшыға майдай жақса керек. Енді клубсыз қалған Балотеллиге жаңа команда керек. Мариоға қызығып отырған бір клуб бар. Ол С сериясының, яғни үшінші дивизионның командасы "Комо". Клуб басшылығы Марио алып жүрген жалақыны төлеуге дайын секілді. Күні кеше ғана олар футболшының агенті Мина Райоламен кездесіпті. Жақын күндері бір жаңалық күтеміз.
Біздің серіктес: FONBET