“Манчестер Сити” жаттықтырушысы Абдуқодыр Хусановтың қашан алаңға оралатынын айтып өтті.
“Арсеналға” қарсы Премьер-лиганың 5-турында жарақат алған Хусанов өз командасының қатарынан 7 матчын өткізіп алған болатын.
Бүгін “қалалықтар” командасының бапкері Пеп Гвардиола Өзбекстан құрамасының көшбасшысының жағдайына тоқталды.
“Манчестер Сити” 30 қазан күні Англия футбол Лигасының төртінші кезеңінде “Суонсимен” бақ сынасады. Абдуқодыр осы ойында төбе көрсетеді деп күтілуде.