Бапкер Руслан Эсатов “Тараз” ФК алғашқы жеңісіне қол жеткізді

Жамбылдық команда бүгін Шымкенттегі БИІК базасында "Оңтүстік Академиясына” қарсы жолдастық кездесу өткізді.

Бапкер Руслан Эсатов “Тараз” ФК алғашқы жеңісіне қол жеткізді

Айта кетейік, бұл жолдастық сарындағы ойын болғандықтан, қос команда тарапында эксперименталды құрам алаңда өнер көрсетті. Мәселен, “Тараз” ФК сапында Нұрлан Даиров, Егор Алишаускас, Ерсұлтан Төреқұл, Берік Айтбаев сынды тәжірибелі өрендер алғашқы минуттардан оңтүстік ұжымның намысын қорғады. Алайда енді ғана жинақталған құрамның бір-бірімен бірден түсінісіп, ойнап кетуі қиынға соқты. Сол бір сәтті “Оңтүстік Академиялықтар” оңтайлы қолданып, стандарттан құйтырқы голдық нәтижені тіркеді. Әуедегі пас болып келе жатқан допты қайтарамын деп қақпашы Рамиль Нурмухаметов қателік жасады. Сөйтіп, алаң иелері 1:0 есебімен бірінші таймды жеңіспен аяқтады. Екінші таймда команда ойыншыларын толықтай дерлік ауыстырған Руслан Эсатов тактикасы өз нәтижесін көп күттірмеді. Оңтүстік тарапына жасалған 2 шабуылдың бірінде “Тараз” Мерей Жамбылдың көмегімен есепті теңестірді. Бұнымен Жамбылдан келген ұжым тоқтап қалмады. Кезекті бір ойын сәтінде орталық жартылай қорғаныста домалап жатқан доп шабуылдағы Нұрдәулет Орынбасардың аяғына келіп жетті. Ал QJ League турнирінің 2024 жылғы үздік ойыншысы Оңтүстік қақпашысын қапы қалдырып, бос қақпаға снарядты бағыттай салды. Қорытынды есеп - 2:1. Руслан Эсатов командасы Шымкенттен жеңіспен қайтты.  

Айтпақшы, бұл кездесуге Диас Лесбек, Андрей Пасеченко, Бауыржан Байтана, Карим Смыков, Мақсат Әмірханов, Сұлтан Сағнаевтар қатыспады. Бапкерлік штаб аталған футболшыларға демалыс берді. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

футбол
Aladop Youtube
×