Бапкерлер біліктілігін арттырды

10.06.2021, 15:59
Бұл семинарда тәжірибелі мамандар дәріс оқыпты.
Бапкерлер біліктілігін арттырды

Маусым айының бастапқы бөлігінде ҚФФ техникалық орталығы бапкерлерге арналған «UEFA PRO» санатындағы оқу жұмыстарын жүргізді. 

Мұндай сабақтар жиі өтіп тұратынындықтан, 4 модуль аталатын бұл бөлікте үш маман дәріс оқыды. Семинар өткізгендер қатарында УЕФА инструкторы Геннадий Скуртул, ҚФФ техникалық орталықтың білім беру саласының жетекшісі Станислав Погорелов және ҚФФ инструкторы Игорь Шпанер. 

Бұл оқу жұмыстарының ұйымдастырылуы негізінен техникалық орталық басшысы Қуаныш Бақытбековтың арқасы. Сонымен қатар ҚФФ ТО директор орынбасары Әсет Базеков және ҚФФ инструкторлары - Владимир Никитенко, Виктор Семенов, Евгений Свешников және Алексей Шапурин болды. Ал осы жолғы семинарға танымал бапкер Дмитрий Огай да қонақ ретінде шақырылды. 

Ал дәріс тыңдап, оны тәжірибие жүзінде көрсетіп, сабаққа қатысқан бапкердің бірі Ерлан Шойтымов дәрістен алған білімнің қызметте қатты қажет екенін айтады. 

- Маусым айының 1-і мен 3-і аралығында PRO категориясы бойынша 4 бақылауаралық дәрісіне қатысып, тың тақырыптарды талқыға салдық. Жалпы модуль барысында белгілі бір матчтардан эпизодтарды тамашалап, сол бойынша тактикалық жаттығуларды ұйымдастырдық. Сонымен қатар Станислав Погарелов, Генадий Скуртул,  Виктор Семенов, Владимир Никитенко, Игорь Шпанера, Евгений Свешников, Сергей Когай, Дмитрий Огай, Сергей Масленов секілді тәжірибелі жаттықтырушылардың дәрісін тыңдап, қажетті ақпараттарды алдық, 3 күн ішінде шабуыл мен қорғаныс шептеріне баса назар аударып, сол бойынша жаттығулар ойластырдық. Және сол жаттығулар бойынша анализ жасап, презентация арқылы талдау жүргіздік. Қазақстан футбол федерациясының техникалық орталығының ұйымдастыруымен өткен үш күндік дәріс қызықты тақырыптар, жүйелі жаттығулар, таңдаулы бапкерлермен жоғары деңгейде өтті. Сондықтан техникалық орталықтың басшысы Қуаныш Бақытбековке алғыс айтамын. Енді сол тактикалар мен дәрістер бойынша "Қайсар" футбол клубының әр күнгі жаттығуында жұмыс жүргізіп жатырмыз. Бастысы, 4 модульде алған біліміміз бен тәжірибемізді футболшылармен ұштастырудамыз.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×