Ресейлік "Чемпионат" басылымы Қазақстан құрамасының қорғаушысы Нұралы Әліптің Ресей Премьер лигасының екінші бөліміндегі мүмкіндіктеріне талдау жасады, деп хабарлайды Aladop.kz.
Сарапшылардың пікірінше, отандасымыз маусымның шешуші кезеңінде негізгі құрамнан тыс қалуы ықтимал.
Игорь Дивеевтің келуі және жаңа бәсекелестік
Бұл өзгерістің басты себебі — Санкт-Петербург клубының Мәскеудің "ЦСКА"-сынан қорғаушы Игорь Дивеевті өз қатарына қосуы. Осы трансферден кейін бапкерлер штабы қорғаныс шебіндегі басымдықтарды қайта қараған көрінеді.
Басылымның пайымдауынша, "Зениттің” қорғаныс шебінде екі негізгі жұп қалыптаспақ.
– РПЛ матчтары үшін (Негізгі құрам): Нино — Игорь Дивеев.
–Ресей Кубогы матчтары үшін: Дркушич — Нұралы Әліп..
Сарапшылар не дейді?
"Оқу-жаттығу жиындарындағы ойындарға қарап, бапкерлер штабының шешімі айқындалғандай. Егер жарақаттар кедергі келтірмесе, базалық қорғаныс шебі осылай көрінбек. Әліп пен Дркушич кубок ойындарында мүмкіндік алатын сияқты.” — деп жазады "Чемпионат”.