Бапкерлік дағдарыс Орталық Азия дербиін құрбан ете ме?

11.09.2025, 20:30

Қараша айының соңына жоспарланған Қазақстан мен Өзбекстан құрамалары арасындағы жолдастық кездесу белгісіздікке тірелді. Қазірдің өзінде матчтың өту ықтималдығы бар болғаны 10 пайызға бағаланып отыр.

Бапкерлік дағдарыс Орталық Азия дербиін құрбан ете ме?

Өзбекстан футбол қауымдастығы бас бапкер мәселесін әлі шешкен жоқ. Қазіргі жаттықтырушы Тимур Кападзе құраманы 2026 жылғы Әлем чемпионатының финалдық кезеңіне алып шыққанымен, федерация тәжірибелі шетелдік маманды іздеуде. Бұл шешім команданың тұрақты дайындық жоспарына кедергі келтіруде.

Немістің беделді Bild басылымының дерегінше, Өзбекстанның басты үміткерлерінің бірі болған Йоахим Лёв ұсыныстан бас тартқан. Қалған ықтимал кандидаттар қатарында Каспер Юльманн, Паулу Бенту, Фатих Терим және Славен Билич бар. Дегенмен жаңа бапкердің есімі тек алдағы айда белгілі болады. Бұл – қарашадағы Қазақстанға қарсы ойынды өткізуге уақыт жағынан қолбайлау.

Қазақстан құрамасы үшін мұндай жолдастық кездесу аса маңызды еді. Біріншіден, командада жасарту процесі жүріп жатыр, сондықтан ойын тәжірибесі қажет. Екіншіден, Өзбекстан – аймақтағы басты қарсыластардың бірі, мұндай кездесулер әрдайым қос ел үшін де үлкен сынақ болып саналады. Егер матч кейінге қалдырылса немесе мүлде өтпей қалса, ұлттық құраманың дайындық жоспарына түзету енгізуге тура келеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×