БАҚ: Серхио Рамостың «Реал» сапынан кету ықтималдығы 80 пайызды құрайды

15.11.2020, 22:00
Қорғаушы келесі жазда еркін агент атанады.
БАҚ: Серхио Рамостың «Реал» сапынан кету ықтималдығы 80 пайызды құрайды

"Реал Мадрид" қорғаушысы Серхио Рамос осы маусымның соңында клубтан кетуі мүмкін. Ойыншының клубпен келісімі 2021 жылдың жазына дейін жарамды, ал клуб онымен келісімді әлі жаңартқан жоқ. 

Әдетте егде жастағы ойыншыларға бір маусымнан артық келісімшарт ұсынбайтын "Реал Мадрид" клубы өз принциптерінен бас тартып, Серхиомен екі жылдық келісімшарт жасасуға дайын екендіктері туралы хабарланды. 

Алайда, El Chiringuito TV Twitter-де хабарлағандай, маусымның соңында Рамостың Корольдік клубтан кету ықтималдылығы 80%-ды құрап отыр.

Айта кетейік, Серхио 2005 жылдан бастап Мадридтік клубтың намысын қорғап келеді және оған дейін ол "Севильяда" өнер көрсетті. Серхио Рамос "Реал Мадрид" сапында 22 кубокты басына көтерді, оның ішінде төрт рет Чемпиондар лигасын жеңіп алды және бес рет Испания чемпионы атанды.

Дархан Қасымхан

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×