
"Рома" (Италия)- "Шахтер" (Украина)
Бірінші жұпты тең дәрежелі жұп деуге де болады. "Рома" ешқашан Чемпиондар Лигасының плей-оффтық кезеңінде
бір қалыпты ойнамаған. Ал Мирчо Луческу баптайтын "Шахтер" бұл кезеңге өз тарихтарында алғаш шығып отырған командалардың бірі. "Шахтер" үшін плей-оффтық кезеңге өткен 16 команданың ішінде "Рома" ең тиімдісі болмақ. Топтық кезеңге қарап баға беретін болсақ, бұл жұптың фовариті украиндік клуб болмақ. Алғашқы ойынды қос команда Италия астанасы Римде өткізсе, қарымта ойынды, стадионы әрдайым лық толы Донецкіде өткізеді.
"Милан" (Италия)-"Тоттенхэм" (Англия)
Өте керемет жұп. "Милан" бүгінгі күнгі өте жақсы бабын ақпан айның соңына дейін жоғалта қоймас. Италияның "А" сериясында бірінші орында келеді.
Ал "Тоттенхэмге" келсек, "Интер" бастаған “А” тобында бірінші орынмен шыққан болатын олар. Харри Реднаптың командасы АПЛ-да да көңілден шырағарлықтай өнер көрсетуде. Екі команданың да құрамы өте мықты ойыншылармен жасақталған. Сондықтан да, "Футбол.кз" сайтына беріп отырған пікірімізде Ибрагимович пен Бэйлдің командаларының ойыны, бұл кезеңдегі ең қызықты матчтардың бірі болмақ дегіміз келеді.
"Валенсия" (Испания)-"Шальке" (Германия)
Бірінші жұп секілді, бұл жұпты да тең дәрежелі жұп десек болады. Унаи Эмери бүгінгі күні өзінің алдына өте жоғары тапсырмалар
қоюда. Ол қазір мүлде басқа "Валенсия" командасын құрды. Десек те, оның командасының қорғанысы нашарлау. Бірақ, топтық кезеңде "Хапоэль" (Тель-Авив), "Лион", "Бенфика" сынды командаларға тап болып, топтық кезеңнен шыққан болатын. Ал, "Шальке" былтырғы маусымға қарағанда биыл Рауль мен Хунтелаар келген соң тәп-тәуір шабылдауды үйрене бастады. Гелзенкирхендіктердің ойыны көбіне енді осы екі ойыншыға және бүгінгі таңда өзінің керемет бабында жүрген Мануэль Нойерге байланысты болмақ. Бірінші ойында - "Валенсия" басымдау болуы мұмкін, ал екінші ойында "Шальке" өз алаңдарында, жеңіс үшін мұрындарынан қан кеткенше ойнайтыны анық.
"Интер" (Италия)-"Бавария" (Германия)
Соңғы өткен финалдың қайталануы! Бірақ, айтарлықтай өзгерістермен. Олар: "Интердің" құрамы мен жаңа бас бапкері. Десе де, бұл екі"Лион" (Франция) - "Реал" (Испания)
Бірінші рет сәйкестік десек, екінші рет "Лион" мен "Реал" кездесуін кек қайтару шарасы десек те болатын шығар. Иә, биыл бұл
командалардың мықтысы мадридтік команда болуы әбден ықтимал. Себебі, Корольдік клубты жаңа маусынан бастап 2010-жылғы әлемнің үзік бапкері Жозе Моуриньо баптаудауда. Онымен қоса, «Галактикос» сапын Месут Өзіл, Сами Хедира, Анхель Ди Мария сынды ОАР-да өткен Әлем мундиалында жарқын өнер көрсеткен жас жұлдыздар толықтырды. Франциялық команда VII-рет қатарынан чемпиондық атақты алып берген ойыншылармен түбегейлі қоштасып, енді мүлде жаңа ұжым жасақтауда. Осы жәйттерді ескерсек, биыл «Реалдың» асығы алшысынан түсуі ғажап емес.
"Арсенал" (Англия) - "Барселона" (Испания)
Арсен Венгердің жас ұжымына биылғы жылдың ең ауыр сынағы күтіп тұрғаны белгілі. Канонирлер соңғы кездері қарасы келген"Марсель" (Франция) - "Манчестер Юнайтед" (Англия)
Жақсы әрі қызықты жұп. Сэр Алекс Фергюсон Чемпиондар Лигасының барлық жәйттарын басынан өткізген. Ал, Дидье Дешам болса тек
финалды ғана көрген маман. Қарсылас командаларға келсек, "Манчестер Юнайтед" "Марсельді" айналып өту үшін біраз тосқауылға жолығуы мүмкін. Себебі, Дешам бастаған жігіттер, атышулы қарсыластарынан мүлде қорықпайтынын дүйім жұртқа жария еткен болатын. Бірінші ойында Фергюссон шәкірттері қонақта жеңіске жететін болса, өз алаңдарында Видич бастаған тасқамал қорғаушылар Лучо Гонзалес әріптесреніне көсіле ойнауға еш мүмкіндік бермес.
"Копенгаген" (Дания) - "Челси" (Англия)
Сөз жоқ, «Челсиге» плей-офф сындарында жеребе жолдас болды. Англияның былтырғы чемпионы жыл сайын ЧемпиондарШолу жасаған Уалихан ҚОСАНБАЙ
Біздің серіктес: FONBET