Бақтиер Зайнутдинов “Брюггеге” қарсы ойынға қатысатын болды

30.11.2023, 03:48
Бақтиер Зайнутдинов “Брюггеге” қарсы ойынға қатысатын болды

Бақтиер Зайнутдинов Брюггеге қарсы ойынға қатысатын болды

 “Бешикташ” бапкері Риза Чалымбай Конференция Лигасының кезекті кездесуінде отандасымыздың төбе көрсететіне кепіл берді.  

“Командада 7-8 футболшы жарақат алды. Мен бұндай мәселемен бірінші рет бетпе-бет келіп отырмын. Мәселен, клубтың маңызды ойыншыларының бірі Рашид Геззаль “Башахшехирға” қарсы ойында 5 минут ойнап, өзін алмастыруды өтінді. Ойыншыларға не болып жатқанын түсінсем бұйырмасын. Жыртығымызды жамау үшін жастар командасынан бірқатар аяқдопшыларды алдырттық. Нейджип Уйсал мен Омар Колли сенімді ойыншылар. Бірақ Нейджип матчтардан шеттетілді. Умут Мераш кездесуге қатысатын футболшылар тізімінде жоқ. Ол бар болғанда сол қаптал қорғаушысы болып ойнап берер еді. Бақтиер Зайнутдиновке барынша сенім артып отырмыз. Ол бетпердесін киіп өнер көрсететін болады”. 

 Еске салайық, ертең 30 қараша күні “Бешикташ” өз алаңында “Брюггені” қабылдамақ. Аталмыш ойын елорда уақытымен 23:45-те басталады. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×