Бақтиер Зайнутдинов Германияда ота жасатпай, Таразға қайта оралды

27.05.2021, 04:29
Футболшы бұл елге ота жасату үшін барған еді.
Бақтиер Зайнутдинов Германияда ота жасатпай, Таразға қайта оралды

ЦСКА клубы мен Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Бақтиер Зайнутдинов Германияда ота жасатпады, деп хабарлайды "Тень отуа Гурмана" телеграм-арнасы.

Дереккөздің хабарлауынша, Бақтиер қазір туған жері Таразға келіп, отбасымен бірге уақыт өткізуде. Неміс дәрігерлері футболшы тек консервативті ем қабылдау керек деген шешім қабылдапты. Және осыдан кейін Зайнутдинов ЦСКА клубының алғашқы оқу-жаттығу жиынына толықтай дайын болуы керек.

Жалпы, осы маусымда Бақтиер РПЛ-да 22 матчқа қатысып, 1 гол соқты және 2 нәтижелі пас берді.

Ағымдағы маусымның қорытындысы бойынша ЦСКА алтыншы орынға ие болып, соңғы 20 жылда алғаш рет еурокубокке қатыспайын деп тұр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×