Бақтиер Зайнутдиновтің соққан жалғыз голы Қазақстанға жеңіс сыйлады

17.11.2021, 01:55
Бахаға Тәжікстан құрамасының қақпашысы көп көмектесті.
Бақтиер Зайнутдиновтің соққан жалғыз голы Қазақстанға жеңіс сыйлады

Бүгін Қазақстан құрамасы жолдастық кездесу аясында Тәжікстан құрамасын қабылдады. Матч "Астана Арена" стадионында өтіп, 1:0 есебімен алаң иелерінің пвйдасына аяқталды.

Ойынның 12-минутында Тәжікстан құрамасының қақпашысы Шохрух Киргизбоевтың қателігінен кейін Бақтиер Зайнутдинов ашық қақпаны дәл көздеп, есеп ашты. Жігіттер бұл голды жақында ғана дүние есігін ашқан Асхат Тағыбергеннің қызына арнады. 30-минутта Зайнутдинов есепті еселейтін мүмкіндікке ие болған еді. Бірақ оның тепкен добы қақпа бағанынан кері серпілді.

Екінші тайм алма-кезек шабуылдарға толы болды. 60-минутта Тәжікстан қақпасының маңында Зайнутдиновқа қарсы ойын тәртібі бұзылып еді. Бірақ кездесудің бас төрешісі пенальти белгілемеді.

Нәтижесінде Талғат Байсуфинов шәкірттері 1:0 есебімен жеңіске жетіп, 2021 жылды сәтті аяқтады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×