Бақтиер Зайнутдиновтың командасы “Фенербахчеден” айласын асыра алмады

10.12.2023, 05:17
Бақтиер Зайнутдиновтың командасы “Фенербахчеден” айласын асыра алмады


Риза Чалымбай шәкірттері ішкі чемпионаттың 15-турында “Фенербахче” командасынан 1:2 есебімен ұтылды.

Ойындағы алғашқы голды 10’ минутта қонақ команданың ойыншысы босниялық Эдин Джеко соқты. Арада 14 минут өтіп “Бешикташ” “Фенербахче” қақпасына пенальти тебуге мүмкіндік алды. 11-метрлік айып добын орындауда Алекс Окслейд-Чемберлен мүлт кетпеді. Осылайша бірінші тайм 1:1 есебімен бітті. Екінші таймда пенальти тебу кезегі “Фенербахчеге” бұйырған екен. Есепте алға шығатын мүмкіндікті уысынан жібермеген Тадич 63’ минутта гол авторы атанды. Матчтың 80 минутында “Бешикташ” бапкері Чалымбай өз командасының ойынын жүргізу үшін Бақтиер Зайнутдинов пен Рашид Геззальді алаңға шығарды. Алайда алаң қонақтары “Фенербахче” толастаған шабуылдарымен қарсыласты әбден әбігерге салды. Соның бірінде “Бешикташ” ойыншысы қателесіп, өз қақпасына кезекті пенальти әкелді. Матчта екінші рет нүктеге келген Тадич бұл жолы қателікке бой алдырды. Ойын 1:2 есебімен аяқталады деп күтіп отырғанда 90+6’ минутта Себастьян Шиманский гол соғып кетті. Қорытынды нәтиже: 1:3 “Фенербахче” пайдасына. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×