Бақтияр "Ювентуста" ойнайтын футболшы

12.01.2019, 22:29
Бақтияр "Ювентуста" ойнайтын футболшы
"Ростов" деген не тәйірі, мына тұрған Ресейдің ортаңқол командасы. Бақтияр Зайнутдинов "Ювентусте" ойнауы тиіс. Бұрын "Тараз" командасына "Ювентусте" ойнаған Зейнетдин Таджиев есімді өзбекстандық ойыншы келген. Жұрт мақтаған жартылай қорғаушымыз түк тындыра алмай, Өзбекстанына қайта оралған еді. Енді ойлаңызшы "Ювентус" академиясынан бері бірнеше жылдың ішінде, көзді ашып-жұмғанша ол "Тараздың" деңгейіне түсті. Ал енді Зайнутдиновке келейікші. Бақтияр көзді ашып-жұмғанша "Ростовқа" кетті. Ол 2017 жылы алғаш рет "Тараз" сапында алаңға кіріпті. 2018 жылы ол "Астана" командасының негізгі ойыншысына айналды. Ел чемпионы болды. Еурокубокте 8 ойында 1 гол соқты. Ұлттық құрамадағы алғашқы ойынында доп салды. Міне, енді 2019-ды ол "Ростов" сапында бастап отыр. Валерий Карпин баптайтын команда 17 ойыннан кейін 7-орында тұр. Жуырда ол РФПЛде дебют жасап, "Ростовтың" негізгі ойыншысы атанып жатса еш таңқалмаңыз. Таланттары таусылмайтын Тараз жерінен "Ювентус" сапында ойнайтын бір футболшы шығып қалатын кезге де жеттік. Кім біледі осы қарқынмен кете берсе Бақтиярды Туриннен көріп қалармыз. Ал әзірге "Таразға келуге асықпа" дейміз. Енді Зайнутдинов пен Еркебұлан Сейдахмет, яғни екі дос Ресей біріншілігінде бір-бірін жиі көріп тұратын болады.
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Алдыңғы жаңалық
КПЛ трансферлері
Серіктес жаңалықтары
×