Бар мәселе аяқта емес баста ма? Құрама ардагері ұлттық команда футболшыларының ең осал тұсын атады

27.03.2025, 17:42

Қазақстан құрамасының бұрынғы қақпашысы Алмат Бекбаев Sports24.kz-ке берген сұқбатында ұлттық команданың Уэльске қарсы кездесуіне тоқталып, қазақстандық футболшыларға ненің жетіспейтіндігіне қатысты өз ойын айтты.

Бар мәселе аяқта емес баста ма? Құрама ардагері ұлттық команда футболшыларының ең осал тұсын атады
Уэльс- Қазақстан кездесуі

«Ненің арқасында нәтижені жақсартуға болады? Футболшылардың психологиялық менталдылығын ұштау керек сияқты. Мықты қарсыластармен ойнаудан қорықпаған жөн. Уэльспен болған ойындағыдай біздің футболшылар тек қорғанып қана қоймай, допқа көп иелік етіп, қарсыласты қыспаққа алып, жиі шабуылдаса», - деді ұлттық команданың бұрынғы қақпашысы.

Естеріңізде болса, Алмат Бекбаев мансабында «Ордабасы», «Тобыл», «Ақтөбе», «Ертіс», «Жетісу» және Мақтаарал» сынды командалардың намысын қорғады. Ал бас команда жейдесінде жалғыз ойынға қатысқан – 2012-нің 1-маусымында Қырғызстанмен болған жолдастық кездесу.  

    

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 4
Ұнамайды 0
Күлкілі 1
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×