Бәрі Қарағандыда шешіледі

23.10.2011, 06:52
Бәрі Қарағандыда шешіледі
Премьер-Лига 31-ші тур, 22 қазан

Қарағандының «Шахтеры» Талдықорғанда «Жетісуді» жеңіп, алтын медальға бір табан жақындады. Келесі кезекте «Астана». Кеншілер Юрий Коньковтың шәкірттерінен басым түссе алғашқы рет Қазақстанның чемпионы атанбақ.

«Жетісу» — «Шахтер» 0:2 (0:2) Голдар: Финонченко 23 (0:1), Борантаев 34 (0:2)

«Жетісудің» чемпиондық ойны, шыны керек, көңілден шықпады. Қарағандылықтар есепті айтарлықтай жылдам ашты. Финонченко капитан деген атына сай өнер көрсетіп, жеңістің алғашқы кірпіші болып қаланған бірінші голды соқты. 34-ші минутта жас пері Жамбыл Көкеевтің көтерген пасына Асхат Борантаевтың басы дәл табылып есеп тағы артты. Кейін қос команданың да көптеген сәттері болса да жанкүйерлер соғылған колдардың куәсі бола алмады. Соңғы, 90-шы минутта Хижниченко пенальтиді теуіп допты қақпадан тыс асырды. Сонынымен ойын да аяқталды. Келесі ойында «Шахтер» жеңіске жетсе 1-ші орын үшін олармен ешкім де таласа алмайды.

«Ақтөбе» — «Ертіс» 2:0 (2:0) Голдар: Чернышов (автогол) 22 (1:0), Смаков 32 (2:0) Ойыннан қуылды: Ахметов 77

«Ертіс» бір кезде «Ақтөбеден» 7:2 есебімен күлпара боп ұтылғаны  ешқашан естен кетпестейтін болса керек бұл жолы да қарсыластарына үдірейе қарап алаңда қорқақтап қимылдады. Тарих қайталана жаздады, бірақ тағдыр павлодарлықтарға аяныш танытқандай «Ақтөбе» ойыншыларының жаңбырша жаудырған соққыларын «Ертіс» қақпасына дарытпады. 22 минутта Евгений Аверченконың соққысын Владислав Чернышов өз қақпасына кіргізіп алып «босқа» қайтпай автогол авторы атанды. 10 минут өтпей Хайруллин ойын ережесін бұзып «Ақтөбе» капитаны Самат Смаков стандартты мүмкіншілігін мүлт жібермеді. Ал Елдоса Ахметов алаңнан қуылғаннан кейін «Ертіс» ойыншыларының қорғанудан басқа амалы қалмады. «Ақтөбеде» 3-ші орынға таласатын мүмкіндік бар.

«Астана» — «Ордабасы» 1:3 (0:2) Голдар: Евстигнеев 10 (0:1), Тәжімбетов 40 (0:2), Тәжімбетов 48 (0:3), Богавац 77 (1:3) Пенальти соғылмады: Богавац 59 (қиыс)

Премьер-Лигананың басты қаһарманы «Ордабасы» болды. Ал олырдың бүгінгі ойынын кішгірім сенсация ретінде қабылдауға әбден болар. Чемпион болам деп талпынып жүрген команданы «қонақта 1:3 есебімен жеңу ұят-ау?» деген ой шымкенттік жігіттердің санасына келмеген болса керек. 10 минутта Виталий Евстигнеев есеп ашты, тайм соңында Тажимбетов гол санын арттырды. Кейін 2-ші тайм бастала салысымен қайтадан сол Тажимбетов есепті 0:3-ге жеткізді. Намысқа тырыса бастаған астаналықтар «тыртыңдап» жүріп қарсыластарына әрең дегенде 77 минутта бір гол енгізді. 59 минутта пенальтиді сәтсіз орынаған Богавац ойыннан гол соғып көңлі сәл де болса орнына түскендей болды. Келесі турда «Астана» қола медальді азулы «Ақтөбемен» сарапқа салады.

Олжас ОҚАС

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Манчестер Сити
Эвертон
17.30
П1
1.365
Ничья
5.55
П2
8.85
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Ньюкасл Юнайтед
Астон Вилла
20.00
П1
1.966
Ничья
3.99
П2
3.745
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Борнмут
Кристал Пэлэс
20.00
П1
1.943
Ничья
3.915
П2
3.905
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Челси
Фулхэм
20.00
П1
1.519
Ничья
4.94
П2
6.06
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Саутгемптон
Вест Хэм Юнайтед
20.00
П1
3.365
Ничья
3.585
П2
2.223
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Ноттингем Форест
Тоттенхэм Хотспур
20.00
П1
2.396
Ничья
3.82
П2
2.885
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Вулверхэмптон
Манчестер Юнайтед
22.30
П1
3.75
Ничья
3.895
П2
1.99
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.27
Ливерпуль
Лестер Сити
01.00
П1
1.088
Ничья
13.6
П2
30
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.28
Брайтон энд Хав Альбион
Брентфорд
00.30
П1
1.69
Ничья
4.53
П2
4.685
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.28
Арсенал
Ипсвич Таун
01.15
П1
1.161
Ничья
8.95
П2
19
Aladop Youtube
×