
Sports.kz порталы «Пахтакордың» академиясында жұмыс істейтін бапкер Павел Пурышкинмен әңгімелесіп, Өзбекстан және қазақ футболы, Әли Әлиев жайлы пікірін білді.
Сұқбат барысында кезінде ҚПЛ-де доп теуіп кеткен маман қазақстан футболының дамуын тежейтін басты факторды атаған болатын.
- Біздің құраманың бас бапкері Әли Әлиев Қазақстан азия аймағында болса, онда міндетті түрде Әлем біріншілігіне шығатын еді деген болатын. Осы айтылған пікір шындықпен қаншалықты жанасады?
- Меніңше, ол не айтып тұрғанын өзі де түсінбейді. Мұны негізінен өзіне деген сенімділігін арттырып, көпшіліктің назарын аудару үшін айтқан сияқты. Егер расында солай істесе, дәл сол айтқанындай боларына күмәнім бар. Лихтенштейнді ұтқаны керемет көрсеткіш емес... Әлиев мұның барлығын қоғамның назарын өзіне аудару үшін айтты деп ойлаймын.
- Сіздің ойыңызша, Қазақстанға Әлем біріншілігі немесе Еуроға шығу үшін не қажет?
- Барлығын толықтай өзгерту керек. «Қайраттың» жеке дара билеп-төстеуіне тоқтау салып, өзгерісті балалар футболынан бастау қажет. Сіздердегі жеткіншектерге қыста жаттығатын жер жоқ екенін білемін. Барлық мәселенің себебі – жемқорлық. Алайда, біз бауырлас ел болғандықтан сіздерге тілекшіміз, Қазақстан Әлем біріншілігіне де, Еуропа чемпионатына да шықса дейміз».
Қазақстан құрамасы Әли Әлиевтің жаттықтыруымен ӘЧ-2026 іріктеуінде екі ойыннан кейін J тобында үшінші орынға жайғасты. Ұлттық команда Уэльстен ұтылып 1:3, Лихтенштейннен басым түсті 2:0. Енді бас команда үшінші тур аясында маусымда Солтүстік Македониямен шеберлік байқасады.
Біздің серіктес: FONBET