Станислав Черчесов Қазақстан құрамасының Әлем чемпионатының іріктеуіндегі негізгі міндеті жайлы айтты.
Сондай-ақ, ресейлік маман федерацияға келетін жаңа президентке қатысты ойын да ортаға салған болатын.
«Турнирде үнемі бірінші болғың келетіні түсінікті. Объективті түрде бағаласақ, иә, Бельгия өз алдына бір төбе. Уэльстің ойынын көрмегелі біраз болды, бірақ оларда үнемі мықты команда жасақталады. Уэльспен белгілі бір уақытта ойнауға әрі сәтті ойнауға да болады. Солтүстік Македония да солай.
Барлық жағдайға байыппен қараймын. Федерациямен келісімшартым бар. Жаңа президент келеді, бірге отырып ақылдасамыз, ол тапсырмасын қояды. Орындай алсақ - орындаймыз деген сөз. Олай болмаған жағдайда, демек сондай ситуация», - деген еді Қазақстан құрамасының бас бапкері «Матч Тв» арнасының эфирінде.
Айта кетейік, Қазақстан іріктеу турниріндегі жорығын наурызда бастайды. Ұлттық команда J тобында Бельгия, Уэльс, Солтүстік Македония және Лихтенштейнмен таласады.
Біздің серіктес: FONBET