Словакиялық "Слован Братислава" командасының және Армения құрамасының жартылай қорғаушысы 32 жасар Тигран Барсегян ҚПЛ-ге қайтып келмейді.
Барсегянның агенті Ғасыр футболы телеграм арнасына берген сұхбатында:
“Олар трансфер үшін ақшаны және жалақыны төлей алады деп ойламаймын.”
Футболшы “Слован” сапында 2022 жылдан бері ойнап келеді және 2024/25 маусымда Словакия лигасының үздік ойыншысы атанған.
2019-2021 жылдар аралығында ол Қазақстанның “Астана” және “Қайсар” сапында да доп тепкен болатын.