«Барселона» 2020 жылы әр позицияға ойыншы сатып алмақ

26.12.2019, 23:34
«Барселона» 2020 жылы әр позицияға ойыншы сатып алмақ

«Барселона» футбол клубы 2020 жылы барлық позиция бойынша жаңа ойыншы сатып алуды көздеп отыр деп хабарлайды Sport.es порталы.

Клуб басшылғы жаңа жыл қарсаңында директорлар кеңесін өткізіп, келер жылғы трансферлік саясатты талқылаған көрінеді. Жиын барысында әр амплуа бойынша жаңа футболшы сатып алу жоспары ұсынылған. Тіпті, техникалық хатшылар бірнеше есімді атап, осы бағытта жұмысты бастап кетіпті. Осы тұста басымдықты жартылай қорғаушы сатып алуға беріп отыр. Басшылық пікірінше Иван Ракитич пен Артуро Видаль келер жылы жазда клуб ауыстыруы бек мүмкін. Ал шабуыл шебінде «Интер» сұрмергені Лаутаро Мартинес пен «ПСЖ» шабуылшысы Неймарды алмақ. Сонымен қатар, қорғаныс шебіне де қатысты бірнеше футболшының жағдайы қарастырылуда.

Айта кетейік, 18 турдан кейін Ла Лига клубары жаңа жылғы демалысқа аттанды. «Барселона» 39 ұпаймен көш басында келе жатыр. Екінші орында 37 ұпаймен «Реал» келе орналасқан.

Шамкен БАЙЫРБЕК.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×