"Барселонаның" әйгілі "Камп Ноу" стадионы 2026 жылдың қаңтарына дейін матчтар өткізуге дайын болмайды. AS басылымының мәліметінше, ұзаққа созылған қайта жөндеу жұмыстары клубты дәстүрлі Жоан Гампер Кубогын да өз алаңында өткізуден бас тартуға әкеліп отыр.
Бұған дейін клуб президенті Жоан Лапорта стадионның ашылу мерзімін бірнеше рет кейінге шегерген. Соңғы рет ол 2025 жылдың күзіне қарай 60 мың жанкүйерге арналған шектеулі кіру мүмкіндігін уәде еткен еді. Алайда қазіргі жөндеу қарқыны бұл жоспардың жүзеге асуына күмән тудыруда.
"Барселона” жаңа маусымды уақытша алаңда бастайды. Бұл стадион 66 жыл бойы үздіксіз қолданылғаннан кейін алғаш рет жөндеу жұмыстары жүріліп жатыр.