"Барселона" 9,1 миллион еуро айыппұл төлейтін болды

22.02.2014, 05:28
"Барселона" 9,1 миллион еуро айыппұл төлейтін болды
Испания соты «Сантостың» шабуылшысы Неймардың трансферіне байланысты каталониялық «Барселона» клубының басшылығын алаяқтыққа барды деп айыптап, 9,1 миллион еуро көлемінде айыппұл салды, деп хабарлайды батыс БАҚ. Сот процесіне төрелік еткен судья осы іс бойынша «Барселонаның» кінәсі толығымен дәлелденгенін мәлімдеді. Ал каталониялық клубтың заңгерлері болса өздерінің басшылығына тағылған айыпты негізсіз деп санайтындарын айтып отыр. Тергеу жұмыстары «Барселонаның» бұрынғы президенті Сандро Росельге де қатысты жүріп жатқанын айта кетейік. Ол айып бойынша, Росель Неймардың клубына төлеген 57 миллион еуродан бөлек, футболшының әкесі қожалық ететін компанияға 40 миллион еуро аударған. Сот «каталондық клуб аталған трансферге байланысты кейбір құжаттарды қолдан өзгертіп, соның кесірінен Испания қазынасы 9,1 миллион еуро салықтан қағылды» дегенді айтады. Осыған дейін «Барселона» клубы Неймардың трансферіне барлығы 57,1 миллион еуро қаржы жұмсағанын ресми түрде айтқан еді. Оның 17,1 миллионы «Сантосқа» тисе, қалған 40 миллион еуросы Неймардың әкесіне төленген. Алайда арада біраз уақыт өткеннен кейін испандық басылымдар бразилиялық футболшының «Барселонаға» ауысуы клуб үшін 95 миллион еуроға бағаланды деп жарыса жазды. Дайындаған: Болат Қосмағамбет http://massaget.kz
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×