«Барселона» «Аякстың» 19 жасар қорғаушысын сатып алмақшы

24.09.2020, 15:21
Жас талантқа Нельсон Семеду орын дайындап қойған.
«Барселона» «Аякстың» 19 жасар қорғаушысын сатып алмақшы

«Аякс» қорғаушысы Серджино Дест мансабын «Барселонада» жалғастырады, деп хабарлады Sport.es.

Дереккөздің хабарлауынша, қос тарап 19 жастағы футболшыны 20 миллион еуроға сатып алу туралы келісімге келген. Трансфер туралы ресми түрде жақын күндері хабарлану керек.

Дестке Мюнхеннің "Бавариясы" да қызығушылық танытқан еді. Мюнхендік клуб ойыншымен келісімшарт талаптарын келіскені және «Аякс» клубына ол үшін шамамен 25 миллион еуро төлеуге дайын екендігі хабарланған болатын.

Дест - "Аякс" академиясының түлегі, және негізгі командада 2019 жылы дебют жасады. Өткен маусымда қорғаушы 36 ойын өткізіп, 2 гол соқты, 6 нәтижелі пасы тағы бар. Серджино АҚШ құрамасына шақыртылып, 3 кездесу өткізді, 1 нәтижелі пастың авторы атанды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×