"Барселона" бас бапкері Ханс-Дитер Флик осы маусым аяқталған соң Каталондық клубтан кетуі ықтимал.
ABC газеті, Неміс маманының өз көмекшілеріне жұмыстан шаршағанын және келесі жазда бапкерлік мансабын аяқтауды жоспарлап жүргенін хабарлағанын жазды.
Алайда көбі ақпаратқа күмәнмен қарауда, себебі ABC — “Реал Мадридке” жақын басылым. Сондықтан нақты қорытынды жасау үшін басқа дереккөздердің растауын күткен жөн деседі.
Ханс-Дитер Флик "Барселонаның” тізгінін 2024 жылдың жазында ұстап, командаға Шави Эрнандестің орнына келген болатын.
Айта кетсек, бүгін "Барселона” Чемпиондар лигасында Бельгияның "Брюгге” клубына қарсы кездесу өткізеді.