«Барселона» бар назарын Адама Траореге аударды

27.01.2022, 23:27
Каталондық клуб «Тоттенхэмнің» алдын орап кетпек.
«Барселона» бар назарын Адама Траореге аударды

«Вулверхэмптон» клубының жартылай қорғаушысы Адама Траоре мансабын «Барселонада» жалғастыруы мүмкін. Футболшының агенті Жорже Мендеш каталондықтарға 26 жастағы футболшыны Усман Дембеленің орнына жалға алуды ұсынды, деп хабарлайды Diario Sport.

Ал инсайдер Дэвид Орнштейннің хабарлауынша, «Барселона» Траорені сатып алу құқығымен (35 миллион еуро) жалға алуды жоспарлап отыр.

Бұған дейін Траоренің агенті «Тоттенхэммен» келіссөз жүргізген болатын. Бірақ Адама Контенің ұсынған позициясында ойнағысы келмеді (оң қапталдағы жартылай қорғаушы).

Траоре осы маусымда 22 ойынға қатысып, бір ғана гол соқты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×