«Барселона» бас бапкерін қызметінен босатты

28.10.2021, 14:09
Каталондық клуб кеше «Райо Вальеканодан» жеңіліп қалды.
«Барселона» бас бапкерін қызметінен босатты

«Барселонаны» жаттықтырған 58 жастағы голландиялық маман Рональд Куман қызметінен босатылды. Бұл туралы клубтың ресми сайтында хабарлады.

«Барселона» Ла Лиганың 11-ші турында «Райо Вальеканодан» жеңілгеннен кейін клуб басшылығы Жоан Лапортаның жетекшілігімен шұғыл жиын өткізіп, Куманның отставкаға кетуі туралы шешім қабылдаған.

Еске салайық, Куман каталондық клубты 2020 жылдың тамызында тізгіндеген болатын. 2020/2021 жылғы маусымда оның жетекшілігімен «Барселона» Испания чемпионатын 3-ші орынмен аяқтап, ел кубогін жеңіп алды.

Ағымдағы маусымда «Барселона» 15 ұпай жинап, турнир кестесінде 9-орында тұр. УЕФА Чемпиондар лигасында каталондық клуб үш турдан кейін E тобында үшінші орынға табан тіреді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×