«Барселона» басшылығы Мессиді сатуға қарсы емес

22.08.2020, 21:38
Куман бар ойынды Мессидің айналасына ұйымдастырмақшы. Бірақ Месси мұны қалай ма?
«Барселона» басшылығы Мессиді сатуға қарсы емес

Жаңа бапкер Рональд Куманға жаңа команданы жасақтауға Месси кедергі келтіруі мүмкін.

«Барселона» басшылығы аргентиналық шабуылшы Лионель Мессиді сатуға қарсы емес, деп хабарлайды ESPN. Егер қомақты ұсыныс түссе, олар аргентиналық жұлдызды сатуды қарастыруға дайын.

Мессидің «Барселонамен» келісімшарты 2021 жылдың жазында аяқталады.

2019/2020 маусымда Месси барлық жарыстарда «Барселона» сапында 44 матчта 31 гол соғып, 26 гол нәтижелі пас берді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×