Барселона билігі Лионель Мессидің қонақүйін бұзу туралы шешім шығарды

06.12.2021, 16:40
Ғимарат қала стандарттарына сай келмейді екен.
Барселона билігі Лионель Мессидің қонақүйін бұзу туралы шешім шығарды

«Алтын допты» жетінші рет жеңіп алған 34 жастағы аргентиналық шабуылшы Лионель Мессидің керемет өткізген аптасы қайғылы жаңалықтармен аяқталды. Барселона билігі футболшыға тиесілі қонақүйді бұзу туралы бұйрық алды. Бұл туралы El Confidencial басылымы хабарлайды.

77 бөлмелі ғимаратты бұзуға оның қала стандартына сай келмеуі себеп болған екен. Қонақүйдің балкондары тым үлкен. Өзгерістер енгізген жағдайда ғимарат құлап кетуі мүмкін. Тіпті өрт кезіндегі іс-шаралар жоспары да құзырлы органдардың стандарттарына сәйкес келмейді.

Қонақ үй «Камп Ноу» стадионына жақын жерде орналасқан. Лео Majestic Hotel Group-пен бірре Ибица мен Майоркадағы қонақүйлерге иелік етеді. Футболшы 2017 жылы резиденция сатып алуға 30 миллион еуро жұмсаған көрінеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×