«Барселона» бірден төрт ойыншымен келісімшартты ұзартты

21.10.2020, 22:36
Төртеуі де ұзақ мерзімді келісімшартқа қол қойыпты.
«Барселона» бірден төрт ойыншымен келісімшартты ұзартты

"Барселонаның" баспасөз қызметі "Ференцварошпен" (5:1) УЕФА Чемпиондар лигасының 1-тур матчынан кейін бірнеше негізгі ойыншылармен келісімшарттың ұзартылғанын хабарлады,

Каталониялық клуб неміс қақпашысы Марк-Андре тер Штегенмен, қорғаушылар Клеман Лангле және Жерар Пикемен, сондай-ақ жартылай қорғаушы Френки де Йонгпен келісімшартты ұзарту туралы келісімге келді.

33 жастағы Пике келісімшартты 2024 жылдың 20 маусымына дейін ұзартты, ал оның өтемақы құны 500 миллион еуроны құрайды.

Тер Штегеннің жаңа келісімшарты 2025 жылдың 30 маусымына дейін есептелген. 25 жастағы Клеман Лангле 2026 жылдың 30 маусымына дейін, ал 23 жастағы голландиялық жартылай қорғаушы Френки де Йонг 2026 жылдың жазына дейін жарамды болатын келісімшарт жасасты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×