"Барселона" Бускетстің ізбасарын тапты

Мұқашұлы Мұрат
Мұқашұлы Мұрат
Бас редактор
17.03.2024, 16:06

"Барселона" 24 жасар Матс Вифферді сатып алуды көздейді. Каталондық клуб нидерландылық футболшыны өткен жаздан бері бақылап келеді.

"Барселона" Бускетстің ізбасарын тапты

Хавидің командасы Вифферді бұрынғы жартылай қорғаушысы Серхио Бускетстің ізбасары көреді. Айта кетейік, Матс Виффер барлық турнирлерді қоса есептегенде осы маусымда 37 ойынға қатысып, 5 рет мергендік танытып, 4 дәл пас шығарған. Футболшының "Фейеноордпен" келісімшарты 2027 жылдың жазында аяқталады. Жартылай қорғаушының нарықтық құны 18 млн Еуроны құрайды. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×