Лондондық «Челсидің» қорғаушысы Маркос Алонсо корғаныстың сол қапталын күшейткелі жатқан «Барселонаның» назарына ілікті. Бұл туралы журналист Фабрицио Романо хабарлады.
Дереккөздің ақпаратына сенсек, 31 жастағы қорғаушы осы жазда Испанияға кетуге тырысады. Бұл ретте каталондық клуб ойыншының талаптары мен трансферлік құнын білу үшін лондондық клубпен келіссөздер жүргізіп үлгерген. «Барселона» Алонсодан бөлек, бұл позицияға тағы үш ойыншыны қарастыруда.
Алонсо «Челсиге» 2016 жылы «Фиорентинадан» ауысты. Қорғаушы осы маусымда 41 ойында төрт гол соғып, бес нәтижелі пас берді. Алонсо мен Челси арасындағы келісім-шарт 2023 жылдың жазында аяқталады.
Біздің серіктес: FONBET