“Барселона” де Йонгты алып қалғысы келеді. Бірақ футболшы қырсығуда

11.02.2024, 16:25
“Барселона” де Йонгты алып қалғысы келеді. Бірақ футболшы қырсығуда

 

Каталондық клуб футболшыға үш ай бойы келісімшартты ұзарту мәселесі бойынша ұсыныс тастаған. Алайда Френки “Барселонаға” ешқандай жауап қатпаған, деп жазады Аладоп.кз.

Нидерланды құрамасының аяқдопшысын қатты керек қылып отырған блауграна де Йонгтың жоғары жалақысын төмендететін ойы да жоқ екенін жеткізіп отыр. Осы қадамдардың барлығы Френкиді командаға қалдыруға бағытталған. 

Жауап қатпай жүргеніне қарағанда жартылай қорғаушы “Барселонада” қалғысы келмейтін секілді. 2022 жылы оңсызда ол бір рет команданың алдағы жоспары үшін клубта аялдап қалған еді.

Осы маусымда де Йонг Хави баптайтын ұжымда барлық турнирлер қорытындысы бойынша 22 ойын өткізіп, 1 гол соққан болатын.

Егерде футболшы осылай жауап бермей, қырсыға беретін болса, онда "Барселона” Френкиді өз жөнімен жіберуге мәжбүр болады.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 4
Ұнамайды 3
Күлкілі 0
Масқара 0

Тегтер:

Барселона
Серіктес жаңалықтары
×