«Барселона» Эрик Гарсиямен келісімге келді

01.01.2021, 04:17
Футболшы бес жылдық келісімшартқа қол қоймақ.
«Барселона» Эрик Гарсиямен келісімге келді

"Манчестер Ситидің" қорғаушысы Эрик Гарсия 2021 жылдың жазында "Барселонаға" тегін ауысады, деп мәлімдеді белгілі журналист Фабрицио Романо.

Дереккөздің хабарлауынша, футболшы каталондық клубпен келісіп қойған. 2021 жылы маусым айында оның "қалалықтармен" келісімшарты аяқталады. "Барселона" ойыншымен бес жылдық келісімшартқа отырады.

Гарсияның өзі "Барселонаның" түлегі болып табылады. Мүмкін, каталондық клуб футболшыны қыста сатып алу үшін әрекет жасауы мүмкін. Бірақ бұл жағдайда клуб "Манчестер Ситиге" 10 миллион еуро ұсынуға мәжбүр болады, бірақ ағылшын клубы бұл ұсыныстан бас тартты.

Сонымен бірге, "Барселона" ресми түрде келісімшартқа отыра алмайды, өйткені клубта әлі президент жоқ. Жаңа президент өз жұмысын 2021 жылдың қаңтар айының соңында бастайды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×