«Барселона» футболшылары жалақыларын қысқартуға келісті

28.11.2020, 16:25
Бұған дейін тек төрт ойыншы ғана жалақысын қысқартуға келіскен еді.
«Барселона» футболшылары жалақыларын қысқартуға келісті

"Барселонаның" баспасөз қызметі ойыншылармен жалақыны қысқарту туралы келісім жасалғанын хабарлады. Жалақының қысқаруы клубқа 122 миллион еуроны үнемдеуге көмектеседі.

Одан бөлек, испаниялық БАҚ өкілдері каталондық клуб жалақыны қысқару арқылы 190 миллион еуро үнемдейді деп мәлімдеген болатын.

Бұған дейін "Барселона" қорғаушылары Жерар Пикемен және Клеман Ланглемен, қақпашы Марк-Андре тер Штеген және жартылай қорғаушы Френки де Йонгпен келісімшарттардың ұзартылғанын хабарлады. Жаңа келісімшарттарға отырған ойыншылар белгілі бір мерзімге дейін жалақыны қысқартуға келісті. Сонымен бірге, олар болашақта қаржылық жағдайлары жағынан тартымды келісімдер ұсынылады деп күтеді.

Marca басылымының хабарлауынша, клубтың қарызы 2020 жылдың маусым айына 488 миллион еуроны құрайды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×