«Барселона» футболшысы «Сельтамен» болған ойынға қатысудан бас тартты

07.11.2021, 15:29
Ойыншы қосалқы құрамнан алаңға шыққысы келмеген.
«Барселона» футболшысы «Сельтамен» болған ойынға қатысудан бас тартты

«Барселонаның» бразилиялық жартылай қорғаушысы Филиппе Коутиньо Ла Лиганың 13-турында «Сельтамен» болған ойында алаңға шығудан бас тартты, деп хабарлайды Catalunya Radio.

Дереккөздің хабарлауынша, қосалқы қүрамдағы футболшылардың қасында болған журналистер бразилиялықтың екінші таймда жаттығуды бастағанын, сондай-ақ алаңға шығудан бас тартқанын көрген.

«Барселонаның» бас бапкерінің міндетін атқарушы Серхи Бархуан матчтан кейінгі баспасөз мәслихатында бұл жағдайға түсініктеме беруден бас тартты.

«Мен жаттығу жасайтын ойыншыларға да, қосалқы құрамда отырғандарға да назар аудармаймын», - деді испаниялық маман.

Қос команда арасындағы кездесу 3:3 есебімен аяқталды. Алаң иелері сапында Яго Аспас дубль жасаса, Нолито бір гол соқты. Каталондықтар құрамында Ансу Фати, Серхио Бускетс және Мемфис Депай көзгн түсті.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×