«Барселона» Испания чемпионатын ерекше жайтпен бастады

17.08.2025, 07:30

16 тамыз, сенбі күні Испания чемпионатының 1-туры басталды.

«Барселона» Испания чемпионатын ерекше жайтпен бастады

«Мальорка» мен «Барселона» арасындағы кездесу Пальма қаласындағы «Майорка Сон Муа» стадионында өтіп, қонақтар 3:0 есебімен жеңіске жетті.

Каталондықтар есепті жетінші минутта ашты. Голдың авторы бразилиялық жартылай шабуылшы – Рафинья. 23-минутта Ферран Торрес есепті еселей түсті. Соңғы нүктені Ламин Ямаль 90+4 минутта қойды.

Айта кетейік, алғашқы таймда-ақ алаң иелері оң нәтижеге деген мүмкіндіктерін жоғалтты. Олар бірден екі қызыл қағаз алып қалды.


Мальорка – Барселона – 0:3
Голдар: Рафинья, 7; Торрес, 23; Ямаль, 90+4.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

футбол
Aladop Youtube
×