“Барселона” қатарынан 7 ойында жеңіске жетті

Ханси Флик шәкірттері бұл жолы “Вильярреалдан” басым түсті. 

“Барселона” қатарынан 7 ойында жеңіске жетті

Примераның 17-тур аясында өткен кездесу алаң қонақтарының пайдасына 0:2 есебімен аяқталды. Матч барысында блауграна сапынан Рафинья мен Ламин Ямаль голдық көрсеткіштерімен ерекшеледі. Айтпақшы, қарсылас жейдесінде өнер көрсеткен Ренату Вейга бірінші таймда қызыл қағаз алып, командасын аз ойыншымен қалдырып кетті. Одан тағысы, кездесудің 73 минутында Тайон Бьюконен ереже бұзып, турнирдегі сары қағаздар санын 5-ке жеткізіп, келесі ойынға қатыса алмайтын жағдайға жетті.

Жалпы “Барселона” қараша айынын 29 бері қарсыластарына есе жібермей келеді. “Алавестен” басталған серияның жалғасы жеті кездесуге жетіп, блаугрананың Ла Лигада жекедара көш бастауына мүмкіндік туғызды. 

Енді каталондықтар жаңа жылдық демалысқа шығып, келер жылдың қаңтар айында чемпионаттағы ойындарын бастайды. 

 

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

Барселона
Aladop Youtube
×